Атыраудың ұстаздары Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай челлендж жолдады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев қазақтың бас ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай челлендж жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің есімін ұрпақ арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ұстаздар челленджі Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаеваға жолданды», делінген хабарламада.

Атыраулық ұстаздар ұйымдастырған видео-челленджде Ы.Алтынсариннің өнеге, білім тақырыбындағы нақыл сөздері айтылды.