Гимназия осы уақытқа дейін мектеп жетіспей келген, адам өте тығыз орналасқан «Нұрсая» ауданында ашылды. Нысан замануи қажеттіліктердің барлығымен қамтамасыз етілген. Яғни онда спорт алаңы, кітапхана, кең асхана бар. Онда тіпті жеке стоматологиялық кабинет те жұмыс істейді.
Гимназияның ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Ол құрылысшылар мен демеушілерге Білім күніне арналған осындай керемет сыйлық үшін алғысын білдірді. Гимназия «Игілік» атты ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарлама аясында салынды.