«СК Фармация» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атыраудағы медицина мекемелеріне 345 түрлі дәрі-дәрмек жіберілген. Осы кезге дейін пациенттер 876 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін тегін алған.
«Дәрі-дәрмектер стационарларға, сонымен бірге амбулаториялық қамту мақсатында медициналық мекемелерге диспансерлік есепте тұрғандар үшін рецепт бойынша жеткізілді. Пациенттер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл дәрілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген тегін медициналық көмегі аясында түсті», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.