Турнирде қазақстандық муайтай шеберлері Бразилия, Тайланд, Ресей, Австрия және Оңтүстік Африкадан келген қарсыластармен күш сынасады. Қарсыластардың барлығы дерлік өз мемлекеттерінің кәсіби деңгейдегі спортшылары. Сондықтан, атыраулықтар тартысты сайыстың куәгері болады.
Сайыс Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Елухан» Қазақстан Республикасы Муайтай федерациясы және Муайтай федерациясының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткелі отыр.
Турнир жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:00-де Мұз айдыны сарайында өтеді.