«Ауылдық жерлердегі медициналық кадрлардың тапшылығын есепке ала отырып, жас дәрігерлерді ынтыландыруды жөн деп таптық. Бұл басқа өңірлерде бұрыннан бар тәжірибе. Жас мамандар бір миллион теңге көлемінде қаражат алады. Сондай-ақ, оларға жергілікті әкімдік баспана береді», - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.
Биыл ауылға 65 жас дәрігер барады.