Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Атырауға 20-25 қазан аралығында шетелден Ыстанбұл-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келген.
«Халықаралық әуе рейсімен барлығы 456 адам жеткізілді», - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы - қазақстандықтар. Оның 37-сінде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантин стационарына жатқызылған.
Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс болып шықты. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.