Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцина дозаларын егу бекеттеріне бөлу және тасымалдау басталған.
«Бүгін, 18 мамырда өңірге Ақтөбедегі фармацевтикалық хабынан «Спутник V» вакцинасының ІІ компонентіне арналған 7 650 дозасы жеткізілді. Вакцина дозаларын егу бекеттеріне бөлу және тасымалдау жүргізілуде. Қазір өңірде 41 екпе бекеті жұмыс істейді. Оның екеуі Теңіз кен орнында, ХҚКО-да, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзар», «Дина» сауда орталықтарының әрқайсысында бір-бірден екпе бекеті ашылды. Бұдан басқа, қалалық, аудандық емханалар жанында 23, сондай-ақ, 10 жылжымалы бекетте тұрғындарға вакцина салынады» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 44 мыңнан асқан еді.