АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысына Қазақстан парламентшілерінің вьетнамдық әріптестері жіберген 20 мың дана медициналық маска келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан парламентшілері вьетнамдық әріптестерінен гуманитарлық көмек ретінде келген 20 мың медициналық масканы Атырау облысына жіберді. Оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы қабылдап алды. Медициналық маскалардың 10 мың данасы емханалар мен ауруханаларға таратылды. Ал, 10 мың дана маска волонтерлерге беріледі» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келген болатын.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.