Атыраулық 103 мың долларды шекарадан заңсыз алып өтпек болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудан Түркияның Антальясына ұшып шыққан рейс жолаушысы декларацияда көрсетілмеген ақшаны алып өткені үшін миллионнан астам теңге мөлшерінде айыппұлмен жазаланды, деп жазады Ақ Жайық.

9 маусымда Атырау халықаралық әуежайында №484 «Атырау - Анталья» халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп 27 жастағы А.А.-дан жасырылған 103 300 АҚШ долларын тауып алды.

Сотқа дейінгі тексеру барысында заң бұзушы өз кінәсін толық мойындап, іс жүргізу келісімін жасады. №2 Атырау соты оны ҚК 234-бабы («Экономикалық контрабанда») бойынша кінәлі деп танып,  жасырылған ақшалай соманы тәркілеусіз, 500 АЕК (1 млн 134 мың 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.