Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 тамызда Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен
жасөспірімдер арасында жылдам шахматтан әлем кубогы өткен.
«Әлем кубогына 1-20 тамызда Tornelo.com платформасы арқылы іріктелген жас шахматшылар қатысты. Соның бірі – атыраулық Зарина Нұрғалиева.
Спорт шеберлігіне үміткер санатын иеленген шахматшы 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста қола жүлдеге ие болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз
қызметі.
Әр санаттағы үздік үш қатысушы ФИДЕ-нің жүлде қоры 30 000 еуроны құрайтын 2021 жылғы онлайн кубогы үшін өтетін суперфиналға қатысуға үміткер болады.
Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық дзюдошы Еуропа кубогында жеңімпаз
атанғанын хабарлаған едік.