«Байқау өткізіліп, соның барысында жергілікті аграршыларға жанар-жағармайдың жеткізілуін қамтамасыз ететін оператор компания анықталды. Егер шаруалар дизель отынын қоймадан өздері алып кетсе, арзандатылған жанар-жағармайдың бір тоннасының бағасы 82 мың теңге немесе бір литрінің бағасы 69 теңге болады. Ал егістікке жеткізілген жағдайда, жанар-жағармайдың бір литрі 72 теңгеден сатылмақ. Қазіргі уақытта көлікке жанармай құю стансаларында дизель отынының бағасы бір литр үшін 99 теңгені құрап отыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.