Айта кету керек, республикалық конкурс Жоғарғы Сотта ұйымдастырылып, үздіктер атағы үшін әр аумақтан келген 25 қатысушы бақ сынады. Атыраудан Айгерім Ахметова қатысты, деп хабарлайды atr.sud.kz . Үш турдың қорытындысы бойынша - сот құжаты мен қызметтік құжаттамаларды аудару, сонымен қатар сот процесі диалогын ауызша (синхронды) аудару бойынша, қазылар алқасы «Бас жүлде» иегері ретінде Әйгерім Ахметованы анықтады. Сонымен қатар, конкурс лауреатына ақшалай сыйлық табысталды.
Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов жас маманның кәсіби біліктілігін айта келе, оның қызметтік қадамына сәттіліктер тіледі. Ал басқаларды одан үлгі алып, бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге шақырды.
Еске сала кетейік, бұл конкурс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Мақсат - мемлекеттік тілде сот ісін және процессуалдық құжаттарды жасақтай білетін, ауызша аударманы меңгерген кәсіби сот аудармашылары корпусын қалыптастыру.