Атыраулық азамат өз үйінен ретро-мұражай ашты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Құрманғазы ауданындағы Жапырақты ауылының тұрғыны Ғалымжан Мұқашев жастайынан ескі заттарды жинап келеді. Ол жақында өз үйінен ретро-мұражай ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, шағын мұражай бір бөлмеде орналасқан және онда әр уақыттағы жәдігерлер жинақталған.

Ғалымжан Мұқашев ұзақ жылдар есепші болып еңбек еткен, қазір зейнет демалысында. Сирек кездесетін ескі заттарды жинау – оның хоббиі. Шағын мұражай ашуды көптен бері ойлап жүрген. Алғашқы экспонаты анасының шпиндельі болса, қазірдің өзінде 100-ден астам жәдігер бар.


Шағын мұражайға келушілерді, әсіресе өткен ғасырдың 50-70 жылдарындағы заттар қызықтырады. Бірақ одан да көне дүниелер жетерлік, мысалы, жануарлардың сүйектерінен жасалған көне шпиндель.


«Мұнда ұлттық валютаның алғашқы үлгілері – теңге, өткен ғасырдың ортасында шығарылған теледидарлар мен радиолар, ескі сағаттар, фотоаппараттар, музыкалық аспаптар және т.б. көруге болады. Барлығы бұрынғы қалпында сақталған. Мұражай иесінің өзі одан пайда табуды көздемейді», - деп жазды ведомстводан.


«Менен кейін ұрпаққа осының бәрі менің мұрам ретінде қалғанын қалаймын. Сол кездегі оқиғалар арқылы алыс-жақын өткенді танып-білу адамға әрі қызық, әрі пайдалы деп ойлаймын«, - дейді Ғалымжан Мұқашевтың өзі.


Енді ол келушілерді қуанту үшін мұражайды кеңейтіп, жәдігерлер санын көбейтуді ойлап отыр.