«Atyraý» телерадиокомпаниясыныңдиректоры Қанат Әуесбай, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының бірінші орынбасары ЫсқақЕгемберді бастаған журналист қауымы мен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қорыныңеріктілері Жайық өзенінің бойында тұрмыстық қалдықтан тазалап, соңын флешмобпенаяқтады.
«Балаларымыздың болашағы, олардың денініңсаулығы қоршаған ортамызға, экологиямызға тікелей байланысты. Тазажерде тұрып, таза ауа жұтсақ, денсаулығымыз да жақсы болары сөзсіз. Жайық өзеніжағасынан тұрмыстық қалдықты көп көрдік. Әсіресе, су, шырыннан босағанпластикалық құтылар, шыны ыдыстар бей-берекет шашылып жатыр. Бұл пластикқұтылар жер бетінде бірнеше он жылдап жата береді. Өздігінен жойылмайды.Керісінше ауа-райының әсерінен түрлі зияды зат бөледі. Ендеше табиғатты таза ұстайық дегім келеді», - дейді «Atyraý» телерадиокомпаниясының директоры ҚанатӘуесбай.
«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының бірінші орынбасарыЫсқақ Егемберді бұл акция бір тараптан журналистердің ауызбірлігін нығайтса,екінші жағынан өскелең ұрпақтың бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілігінарттырудағы қосар үлесін айтты.
Журналистер көбіне мұндай экологиялық акцияларды БАҚбетінде насихаттаушы ғана. Ал, бұл жолы облыстағы екі бірдей ірі медиа ұжымы кілжастардан құралған еріктілермен бірлесіп, өзен бойын қоқыстан тазартты. 2 сағаттың ішінде шамамен 200келідей қалдық жиналды.
Облыстың БАҚөкілдері қолдаған экологиялық іс-шара 27 шілдеде Атырауда жалғасатын болады. #Birge #TazaQazaqstanакциясы аясында Атыраудағы Жайық өзені және қала аумағындағы барлық су тоғаныныңжағалауы қоқыс қалдығынан тазартуға барлық мекеме, кәсіпорын, өнеркәсіпұжымдары шақырылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстарминистрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдап, халықтың экологиялық мәдениеттілігінарттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тарту жөнінде тапсырма берген еді.
Артынша министрліктің бастамасымен #Birge #TazaQazaqstan экологиялықакциясы жарияланып, аталмыш акция аясындағы шараларға Үкімет басшысы АсқарМамин де қатысқан болатын.