Атыраулық балуан самбодан Татарстан Президенті кубогының иегері атанды
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2-3 қазанда РФ Қазан қаласында самбо күресінен «А»
санатындағы халықаралық турнир өткен.
«Бұл халықаралық додада балуандар самбодан Татарстан Президентінің Кубогы үшін бақ
сынады. Биыл турнирге 16 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде Атырау
облысынан сынға түскен самбошылар 1 алтын, 3 күміс жүлдеге ие болды. Мәселен, спорттық самбодан 58 келіде күрескен Қайырберді Айдынбай Татарстан Президенті кубогының иегері атанды. Ал, Парасат Жұмабай 64 келіде күміс жүлдеге ие болды. Сондай-
ақ, аталған додада жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев (58 келі) пен Айбек
Әбділов (64 келі) ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені еншіледі», -деп хабарлады
басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық балуан самбодан әлем кубогының иегері
атанғанын хабарлаған болатынбыз.