Атыраулық бес түлек Италияға магистратураға жіберіледі

None
АТЫРАУ. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау мұнай және газ институтының бес түлегі итальяндық Турин қаласының магистратурасына аттанады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Қайрат Тарбаевтың хабарлауынша, жергілікті атқарушы билік пен «Аджип ККО» компаниясының арасында келісім жасалды. Оған сәйкес жергілікті бес түлек мұнай өндіру саласында магистр дәрежесін алуға оқытылады. Олар Италияның Турин қаласында білім алады. Оқыту үшін төлемді «ЭНИ» компаниясы өзі өтейді. Қалған шығындарды «Аджип ККО» компаниясы төлейді.

Қ.Тарбаевтың ақпараттандыруынша, Италияға бару құқығын иелену байқауына Мұнай және газ институттының 23 түлегі қатысты.