Балаларды мейрам кезінде Астанаға саяхатқа жіберу идеясына облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бастамашы болды.
«Бүгін біз үшін тамаша күн. Оқушыларымызға елордаға қыдырып қайту мүмкіндігін сыйлағаны үшін басқарма басшылығына алғыс айтамыз. Осы қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да жалғаса береді деп үміттенеміз», - дейді тәрбиелік жұмыстар әдіскері Жұмазия Бозаева.
«Астанаға бара жатқаныма өте қуаныштымын. Бізге осыны ұйымдастырып бергендерге көп рахмет!» - дейді Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің оқушысы Нұрайна Мәжит.
Үш күн бойы оқушылар музейлерге барады, Астананың көк тіреген алып ғимараттарын аралап, көрікті жерлерді тамашалайды.