Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
II дәрежелі«Барыс» орденімен еңбек ардагері Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов;
«Парасат» орденімен«Атыраугидрогеология» ЖШС ғылыми кеңесшісі Едіге Сабуров;
«Құрмет» орденімен«Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» КМК директоры Марат Нұрышұлы Қонысов;
ІІІ дәрежелі«Еңбек даңқы» орденімен«Ембімұнайгаз» АҚ«Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы Сафи Қаниұлы Сәтмағамбетов;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Атырау облысы Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің домбырашысы Жәнібек Жантұрсынұлы Жәмиев марапатталды.
Фото:t.me/bort_01