Атыраулық дзюдошы халықаралық турнирден «қола» жүлде жеңіп алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық спортшы Інжу Жұмажан Польшадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Польшаның Марки қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан «SAME JUDO CUP» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Әлемнің 20-дан астам елінен келген 1250 спортшының арасында Атырау облысы Исатай ауданы «Барыс» жастар спорт клубының тәрбиеленушісі Інжу Жұмажан да болды. Ол 28 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Інжу алғашқы айқасында бірнеше ескерту алып, Германиядан келген қарсыласына есе жіберді. Жас спортшы Франция, Польша және Румыниядан келген спортшылармен кездесудің нәтижесі бойынша үшінші орынға ие болды: Інжу Жұмажан польшалық спортшыны айқын басымдықпен жеңді.