«Чемпионат жексенбі күні Францияның Лион қаласында өтті. Оған спорттың осы түрі бойынша Қазақстан кубогының екі дүркін чемпионы Андрей Котов қатысты. Андрей Еуропа чемпионатының жартылай финалында ресейлік Кирилл Псаревты жеңген еді, алайда финалда осы елдің Алим Юнусов атты спортшысына есе жіберді», - деп хабарлады Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Азамат Бекет.
13:23, 22 Мамыр 2017
Атыраулық каратэші Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық каратэші Францияда өтіп жатқан киокушинкай-кан каратэден Еуропа чемпионатында күміс жүлде алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.