«Былтыр ауданымызда Екінші дүниежүзілік соғысының екі ардагері болатын. Мереке қарсаңында оларға құрметімізді көрсеттік. Бізді бейбіт күнге жеткізген батырларымыздың арасынан биыл жалғыз ғана ардагеріміз - 93 жастағы Қапес ақсақал ғана ортамызда. Отан үшін от кешіп, қан майданда жауға беріспеген ержүрек батырларымыздың өлшеусіз еңбегінің алдында бас иеміз»,- дейді кәсіпкер Айтбай Сисенов.
Еске сала кетелік, дүние жүзі тарихына ең қанқұйлы соғыс атауымен енген 1941-1945 жылдардағы қан майданға кезіндегі Гурьев, қазіргі Атырау облысынан соғысқа аттанған жауынгерлер саны - 73 мың. Сұрапыл соғыста 25 мың атыраулық қаза тапты.