«Атыраулық кикбоксшы Жандос Назарбеков WAKO - Анталия қаласындағы Бүкіләлемдік кикбоксинг ұйымдары қауымдастығы ұйымдастырған әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Екі жылда бір рет өткізілетін турнирде Жандос Назарбеков фавориттің бірі болды. Өйткені ол 2017 жылы Будапештте өткен чемпионаттың жүлдегері еді. Атыраулық спортшы іріктеуде марокколық, норвегиялық, қырғызстандық қарсыласын жеңді. Ақтық сында Украина кикбоксшысынан басым түсті», - делінген Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Авторы А.Соколов