Айтулы күнді тойлау құрметіне орай құсбегілер көгершінді аспанға ұшырып, үлкен флешмоб ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастаманы Қазақстанның басқа өңірлерінде де жалғастырулары керек.
«1 сәуір құсшылар мерекесі болғандықтан, құсшылардың басын қосып отырмыз. Құсабегілердің көп бөлігі шараға қатыса алмады. Мерекеге орай біз жаппай флешмобты өзге аймақтарға жолдағымыз келді. Құстарды мен бала кезімнен бастап бағамын. Қазіргі таңда менде 50 ден аса көгершін бар»,- дейді ұйымдастырушы Бекболат Әміржанов.
Айта кетейік, Атырауда шамамен 400-ге жуық құсбегі көгершін асырайды.