Атыраулық қыздың өлімінен кейін ұсталған ер адамды қамауға алу санкцияланды
«№2 Атырау қалалық сотының тергеу судьясы күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 28 жастағы ер адам екі айға қамауға алынды. 1989 жылы туған азаматқа ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі 10,14-тармақтарында («Зорлау немесе көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға зорлық-зомбылық әрекеттерімен пара-пар қылмысты жасыру немесе оның жасалғандығын жеңілдету мақсатында, өзге адамды қасақана өлтіру») көрсетілген қылмысты жасады деген күдік келтірілуде», - деп мәлім етті облыстық ІІД-дан.
Бұған дейін хабарланғандай, сүңгуірлер Бисекті ауылында жоғалып кеткен 8 жасар Айкөркем Алдамжардың денесін Жайық өзенінен тапты. Қыз баланы іздеп-табуға ішкі істер органдарының 50 қызметкері мен Атырау қаласының 40-тан астам тұрғыны жұмылды. Сондай-ақ ІІД, ТЖД және Батыс өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағының қайықтарынан бөлек, іздеу жұмыстарына өздерінің суда жүзу құралдарымен қала тұрғындары да атсалысты. 5 сүңгуір жұмыс істеді.
Бисекті ауылы тұрғындарының айтуынша, ұсталған адам қаза болған қыздың отбасының көршісі болып табылады. Үйленген, екі кішкентай балалары бар.