Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Авангард мөлтекауданындағы №16 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімінің мәйіті табылды. 1960 жылы туған ер кісінің зорлықпен өлтірілген іздері табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен білім ордасында әрі күзетші, әрі сантехник ретінде жұмыс жасайтын 49 жастағы ер кісі ұсталды.
Тергеу нұсқалары бойынша, қылмыс спирттік ішімдіктерді бірге отырып ішу барысында жасалған. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
«Екі айға қамалған күдікті тергеу барысында Тергеу оқшаулағышында болады» деген ақпарат берді №2 қалалық сотының баспасөз қызметі.