Атыраулық парадзюдошылар Түркияда қос алтын және күміс медаль алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық парадзюдошылар Түркиядағы турнирде қос алтын және күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұл өте беделді халықаралық турнир еді. Бәсеке де ымырасыз болды. Біздің спортшыларымыз - 60 килограмдағы Әнуар Сариев пен 90 килограмға дейінгі салмақта Ғалымжан Махметов жеңімпаз атанды. Ал 73 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дәулет Теміржан күміс медальды еншіледі», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасындағылар.

Халықаралық турнирде 9 елден жиналған спортшылар күш сынасты.