«Атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев Вьетнамның Хошимин қаласында өткен спорттың аталған түрінен Азия чемпионы атанды. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасып, бірінші жекпе-жекте жапондық қарсыласы Тонака Митсуянды ойсырата жеңді. Жерлесіміз финалда Әлем және Еуропа чемпионы Антон Шветцпен айқасты. Нұрлан оны нокаутпен жеңді», - делінген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарламасында.
12:08, 27 Мамыр 2018
Атыраулық паратаеквондошы Азия чемпионы атанды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық паратаеквондошы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.