Атыраулық соғыс ардагерлеріне мерекеге орай 100 мың теңгеден және шипажайға жолдама беріледі

None
АТЫРАУ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында тұратын 310 Ұлы Отан соғысы ардагерінің әрқайсысы Жеңіс мерекесіне орай 100 мың теңгеден алатын болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұдан басқа облыстық бюджеттен ардагерлер үшін 200 шипажай жолдамасы бөлінді. Жергілікті атқару органдары үйі жоқ ардагерлерді жыл аяғына дейін пәтермен қамтамасыз етуге шешім қабылдады. Шағын пәтерлерде тұратын ардагерлер үйлерін кеңейтуге мүмкіндік алады. Жеке үйлерде тұратындардың үйлері жөндеуден өткізілмек.