Облыстық спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 3-12 желтоқсанда Тайланд елінде муай-тайдан әлем чемпионаты өткен.
«Әлем чемпионатына 95 елден 925 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының
сапында атыраулық 4 спортшы бақ сынап, 1 алтын,1 қола жүлдеге ие болды. Жастар
арасында Арсен Бисембай алғашқы кездесуінде Беларусь Республикасының спортшысын
тізе бүктірді. Ал, ақтық сында тайландтық қарсыласын төрешілер есебімен ұтып, алғаш
рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, 2019 жылғы Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбіл Ғалиев Өзбекстан, Индия және Ауғанстан спортшыларын уақытынан бұрын ұтты. Жартылай ақтық сайыста 2018 және
2019 жылдары әлем чемпионы атанған украиналық Игорь Любченкомен кездесті.
Төрешілердің шешімімен атыраулық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдесін
иеленді», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының
жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.