Атыраулық студенттер бір күнін әскерде өткізді (ФОТО)
Бәрінен бұрын студенттер есінде жауынгерлік машиналар паркі қалды. Ол 41433 әскери бөлімнің мақтанышы болып табылады. Мұнда әскери киім нысанының үлгілері, қазіргі заманғы қару-жарақ пен қазақстандық армияның әскери техникасы жиналған .
Армиядағы бір күн атыраулық студенттер үшін арнайы мақсаттағы екінші рота әскери қызметшілерінің көрсетілімімен аяқталды. Жауынгерлер қоян-қолтық ұрыстың, жауынгерлік және дене даярлығының көз тартарлық элементтерін көрсетті.
«Біздің әскери бөлімге келген жасөспірімдердің көздерінен жалын байқадым. Олар жауынгерлердің іс-қимылдарын қызыға және таңдана қарады. Жастарымызға әскери-патриоттық тәрбие беру дәл осындай қайсар, батыр, мықты әскери қызметшілерден басталады деп ойлаймын. Бұл жас жеткіншектер үшін жақсы үлгі», - деп атап өтті 41433 әскери бөлімнің командирі майор Ұлан Нұрғазиев.