Атыраулық волейболшы жігіттер Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 2-ші турында да үздік шықты

АЛМАТЫ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарда 8-15 желтоқсан күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының 2-ші тур ойындары өтті.

Онда «алматылықтар» 26 ұпай жинап, турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді қайта өз қолына алды.  Олардан 1 ұпайы кем «атыраулықтар» 25 ұпаймен екінші, 6 ұпайы кем оралдықтар («Конденсат») мен «павлолдарлықтар» 20 ұпаймен 3-4 орынды бөлісті. Одан кейін 19 ұпаймен Хромтаудың «ТНКҚазхромы», 10 ұпаймен  Қызылжардың «Есілі» және 6 ұпаймен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» келе жатыр. Ел чемпионатының келесі туры енді 7-16 ақпанда Өскеменде өтеді.