Әуежайда спортшыларды облыстық спорт басқармасының қызметкерлері мен бір топ спорт жанашырлары салтанатты түрде күтіп алды.
«Алдымен іріктеу кезеңінде ирандық «Эрдекан» командасынан 3:1 есебімен жеңіліп қалдық. Екінші ойында Жапонияның мықты командасы «Торай Эрроусті» 2:3 есебімен тізе бүктірдік. Ал, ширек финалда Шри-Ланкалық «Ланка Лайоес» командасын 3:1 есебімен жеңсек, жартылай финалда пәкістандық «Вапда» командасын 2:3 есебімен ұттық. Өкінішке қарай, финалда тәжірибелі әрі мықты Иранның «Хатам Ардакан» командасына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұттық», - дейді спортшылар.
Айта кету керек, атыраулық команда ойыншылары Роман Хандролин «Ең үздік пас беруші» және Айбат Нейталлин «Ең үздік ойыншы» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.