Атырау қаласының №2 сотында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 1993 жылғы туылған сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Сотталушы А. жеке кәсіпкер ретінде салық органына тіркелмей, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асыру мақсатында, қандай да бір қажетті рұқсат қағаздарын алмай, заңсыз ойын - букмекерлік қызметімен айналысып, пайда табуға тікелей ойыболып, бұл ойын жүзеге асыру үшін компьютерлік құрылғыларды сатып алып, Атырауқаласы, Нұрсая ықшамауданындағы үй ғимаратына орналастырып, онда ойын ойнушыларға интернет жүйесін қосып, бәс тігетін ойындар ойнауға мүмкіндік жасаған», - делінген сот хабарламасында.
Сөйтіп, сотталушы жоғарыда көрсетілген букмекерлік қызметін жүргізу үшін тиісті уәкілеттік органнан оған рұқсат беретін лицензияны алмай, аталған қызметті заңсыз түрде жүзеге асырып, белгіленген заң талаптарын бұза отырып,заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған
Атырау қаласының №2 сотының үкімімен сотталушы А. қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.