Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Бүгінгі Көрісу күніне байланысты Атырау қаласында жолаушы тасымалымен айналысатын 8 кәсіпорын тұрғындардан жолақы алмауға шешім қабылдады. Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев оларға 14 наурыз күні жолаушыларды тегін тасымалдауға ұсыныс білдірген еді. Бұл ұсынысқа бастапқыда «Atyrau-Avtopark» ЖШС қолдау білдірді. Кейін оны өзге де кәсіпорындар іліп әкетті. Қазір Атырау қаласында 8 кәсіпорын күн сайын жолаушы тасымалдау үшін 26 маршрутқа 160-тан астам автобус шығарады. Қала тұрғындары барлық маршрутта күні бойы тегін жүреді» -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен.