Нұрлан 2017 жылы Ұлыбританияда және биыл, 2019 жылы Түркия елінде әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, Атыраудан шыққан тұңғыш 2 дүркін әлем чемпионы болып отыр.
«Осы жеңіс үшін көп тер төктік. Енді тоқтап қалмай Паралимпиада ойындарында алтын жүлде еншілеуді мақсат қойып отырмын», - дейді Нұрлан.
Айта кету керек, араға бір апта салып Нұрлан Мысырда өтетін Африка құрлығының турнирінде бақ сынайды.
Нұрлан қазіргі таңда қаладағы 1-ші Олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебіне жаттығады.