Атыраулықтар автобустар қозғалысын «онлайн» режімінде бақылай алады

Фото: None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырауда қоғамдық көліктерді пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Infobus» мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді атыраулықтар нақты уақыт режімінде автобустардың қозғалысын бақылай алады.Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «nfobus» мобильді қосымшасы іскеқосылды.
«Біз GPS трекерлері бар 140 жаңа автобусты жабдықтадық. Ендіатыраулықтар аялдамаға автобустың келетін уақытын көре алады. Жаңа қосымшаавтобусты күту уақытын үнемдеуге көмектеседі», - деді «Smart Атырау » ЖШС директоры Әділбек Танкиев.
Айта кету керек, Атырауда қоғамдық көліктерде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттікбағдарламасын іске асыруды жалғастыру кезінде дифференциалды тариф енгізілетінболады. Бұл тарифтердің электрондық төлем жүйесіне ең қысқа мерзімде өтугемүмкіндікбереді.

Соңғы жаңалықтар