Сондай-ақ, Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары Мәңгілік алау жанында соғыс жылдарында қыршынынан қиылған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Одан соң Қазақстан Республикасының Гимнін бірлесе шырқап, бүгінгідей бейбіт өмірге шүкіршілік танытты. Сондай-ақ, сазды әуенмен сарбаздар ескерткішке гүл дестелерін қойды.
Мәңгілік алауға облыс әкімі, облыстық ардагерлер кеңесі атынан гүл шоқтарын қоюмен басталған рәсімді Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, ауған, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Ішкі істер департаменті және Төтенше жағдайлар департменті тәжік-ауған соғысының ардагерлері, және басқа да ұжымдар да қатысты.
Бұдан соң қаладағы мекемелер мен ұйымдардың, ірі өндірістік кәсіпорындар, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, облыс әкімі аппаратының және жергілікті басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студент жастары, мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары Мәңгілік алауға бағыт алды.
«Жеңіс күніне орай Атырау облысындағы соғыс ардагерлері жергілікті бюджеттен 300 мың теңге алды. Жыл сайын демеушілер есебінен қариялар Қазақстан мен ТМД елдеріндегі шипажайларға жіберіледі. Бүгінгі шараға денсаулықтарына байланысты көп ардагерлер қатыса алмады, көпшілігі төсек тартып жатқан адамдар, -деді Нұрлы Хабиева.
«Атырау облысынан 43 мыңға жуық жауынгер соғысқа аттанды, 13 мыңы қайта оралмады. Қазір 3 мың тыл ардагері мен 30 соғыс ардагері ортамызда бар. Ерліктеріңізге құрметпен бас иеміз. Мемлекет басшысы айтқандай, әр отбасында соғыс салған із қалды. Сондықтан бұл күнді ұрпақтар жадында аталарымыздың, әкелеріміздің ерлігі, батырлығы қалуы үшін атап өтеміз», деді.
Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне жалпы саны 10 мыңнан астам адам қатысты. Қаза тапқан ерлер рухына арнап, қарудан оқ ату рәсімі жүргізілді.