Атыраулықтар Елбасы мақаласын іске асыру жобаларын ұсынды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласында Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың атап өтуінше, мақалада халқымыздың тарихына қатысты барлық сәттер қамтылған. Елбасы Ұлы даланың жеті қыры - атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы туралы айтты. Сондай-ақ Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны екендігін тілге тиек етті.

«Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бірінші жобаның жалғасы болып табылады. Бұл - Ұлт көшбасшысының қоғамның рухани дамуының барлық негізгі бағыттарын ашатын кеңейтілген, неғұрлым көрнекі, егжей-тегжейлі жоба», - деді Нұрсәуле Сайлауова.  

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар пікір алмасып, облыста жобаларды жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. «Сарайшық» республикалық тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар Сарайшық қалашығын жаңғырту мәселесін қозғады. Жақын арада мұнда ашық аспан астындағы республикалық мұражай ашу жоспарлануда.

«Біз Сарайшыққа қатысты және Ресей мұрағаттарында сақталған барлық бірегей құжаттарды жинауды жоспарлап отырмыз.  Сондай-ақ, 2019 жылы «Сарайшық, Сарай-Бату және Сарай - Берке» ауқымды экспедициясын ұйымдастырғымыз келеді», - деді Әбілсейіт Мұхтар.

Оның айтуынша, әртүрлі елдердің мұрағаттарынан тарихи құжаттарды іздеп-табу үшін сауатты және беделді тарихшылар тобын құру қажет. Қазақстанда соңғы жылдары жарияланған тарихи материалдарға мониторинг жүргізу қажет.

Ұзақ жылдар бойы Ресей мұрағаттарында жұмыс істеген және көптеген қызықты материалдарды жинаған адамдардың бірі Атырау облысы бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның басшысы Мұхамбетқали Кипиев болып табылады.

«Тарихшылар мен құжаттанушылар үшін «Архив 2025» жобасы ерекше және көптен күткен оқиға болып табылады. Бұған дейін сәтті аяқталған «Мәдени мұра» онжылдық жобасының шеңберінде жақын және алыс шетелдерден халқымыздың тарихы туралы көптеген құнды құжаттар табылып, жиналды. Осы жобаларды іске асыруға қатысу барысында осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аудардым, - деді Мұхамбетқали Кипиев.

 Облыс әкімдігінің қолдауымен тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияда соңғы төрт жылда Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахан және Орынбор қалаларына археологиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Онда мұрағаттар мен кітапханалар қорларындағы біздің облысқа қатысты тарихи және мәдени құжаттар жиналды. Нәтижесінде 2014-2016 жылдары «Орыс көздеріндегі Атыраудың тарихы мен мәдениеті» атты 5 томдық құжаттар жинағы жарық көрді.

Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов бұл жұмыстың болашақ ұрпақ үшін маңыздылығына назар аударды.

«Құпия емес, бұрын біз өзге формацияда, басқа сапта өмір сүрдік және ақпарат алдық. Біздің мемлекеттілігіміз туралы ақпарат аз болды. Тәуелсіздік жылдарында да халқымыздың тарихы, оның мыңжылдық тарихы туралы көп біле алмадық. Мемлекет басшысының мақаласы барлығымызға өткенімізді танып-білуге және зерделеуге мүмкіндік береді. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы барлық ақпаратты жинастыру керек, - деп атап өтті Мұрат Өтешов. 

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар біздің өңірде «Ұлт тарихы» орталығын ашу туралы ұсыныс айтты. Онда ұлтымыздың тарихын көрсету, жастарды атқа мініп үйренуге, ұлттық спорт түрлеріне баулу үшін ат-спорттық клубтарын ашу мүмкіндігі қарастырылған.

Салт аттылық мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан - алма мен қызғалдақтар отаны - Президенттің айтқан Ұлы Даланың осы қырлары өңір тұрғындарының айтылған жобалардың маңыздылығын түсінуі мен ұғынуынан сөзсіз көрініс табады.