«514 млн теңгенің 70,5 млн теңгесі жеке тұтынушылардың өтеу мерзімі өтіп кеткен қарызы. Ал 92.7 млн теңге қарыз - өндірістік кәсіпорындарға, 90.7 млн - жылу энергиясының өндірушілеріне тиесілі, 142.9 млн - тұрғын үй-коммуналдық сектор берешегі. Өкінішке орай, газға төлемегені үшін газдан ажыратылған борышкерлер өздері қайта жағып алатын жағдайлар сиремей отыр. Сондықтан біз заң бұзушыларға айыппұл салу үшін сотқа жүгінуге мәжбүрміз», - деп хабарлады Әбуов.
15:36, 06 Ақпан 2017
Атыраулықтар газға 514 млн теңге қарыз
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы тұрғындарының тұтынған табиғи газға берешегі 514 млн теңгені құрады, деп хабарлады Өңірлік коммуникация қызметіндегі брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» облыстық филиалының басшысы Мақсат Әбуов.