Атап айтқанда, Жайық өзенінің үстінде спорттық ойындардан фестиваль ұйымдастырылды.
Шараларды қалалық әкімдік пен дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыстарға барлық қала тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. Олар жеке және топтық сындарда бақ сынады. Көптеген тұрғындар мерекеге отбасымен келді. Бірі коньки тепсе, енді бірі xоккей және көңілді старт ойынына қатысты. Бұқаралық шараға 500-ден астам адам қатысты.