Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда модульде құрылыс жүріп жатқан жол учаскелер, сондай-ақ құрылысы жоспарланған учаскелер бейнеленген. Тұрғындар олардың арасынан өздеріне қажетті көшені таба алады және жол құрылысына қатысты өз пікірлерін қалдыруларына болады.
«Қазіргі уақытта аталған модуль тестілеу сатысында, біз қала тұрғындары өз ұсыныстарымен соңғы нұсқасын қалыптастыруға көмектеседі деп үміттенеміз» - деді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Атырау облысында 371 шақырым жол салынды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. Осы жылы облыс орталығындағы жолдарды салу мен жөндеуге ерекше көңіл бөлінеді, желтоқсанға дейін жалпы ұзындығы 280 шақырым болатын 330 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр.