Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған серіктестіктің құрылтайшысы Алматы қаласында ұсталып, Атырауға жеткізілген.
«Күдіктіге биылғы ақпанда халықаралық іздеу жарияланған-ды. Оны атыраулық полицейлер 16 маусымда Алматы қаласынан тауып, ұстады. Ол Атыраудағы салымшыларды алдап, жылжымалы мүлік пен ақшаны иемденіп кеткен», - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрхат Оразбаев.
Оның айтуынша, Атырауда тергеу соты «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысына қатысты қамауға алу шарасын санкциялаған. Қазір полиция департаментінің жедел-тергеу тобы қылмыстық істі қтергеп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау полициясы жарты тоннадан астам бекіре тиелген көлікті ұстаған еді.