Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттер тегін беріледі. Облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған шара дәстүрге айналдырады.
«Қаланы көгалдандыру - жергілікті биліктің ғана емес, қала тұрғындарының да басым міндеттерінің бірі. «Жыл сайын бір жерге ғана талдар егіледі, уақытында суарылмайды және дұрыс күтім жасалмайды» деген қала тұрғындарының шағымдары әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. Бұл жолы біз тұрғындарға өздері бастама көрсетіп, көшеттерді қалаған жерлеріне отырғызуды ұсындық», - деді қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. Ұзақ Тұсаев.
Ұзақ Тұсаевың айтуынша, көшеттерді тарату барысында тұрғындарға ағаш отырғызу ұсынылатын жерлер ескертіледі. Бұл, негізінен, қаланың әлеуметтік мекемелері - балабақшалар, мектептер, емханалар және ауруханалар.
Көшеттерді тарату акциясы 18 және 19 сәуірде «Арнаулыавтобаза» ЖШС аумағында, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі. Ал тал егу сенбі 20 сәуірге жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 16 наурызда бастап Атырауда екі айлық санитарлық-тазалық науқаны басталды. Егер бұған дейінгі жалпықалалық сенбіліктер «Таза жағалау» акциясы аясында өткізілсе, келесі сенбіліктер облыс орталығын көгалдандыруға арналатын болады.