Атышулы «Ұйқылы» Калачи ауылының тұрғындары сайлауда белсенділік танытуда
14:49, 20 Наурыз 2016
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атышулы «Ұйқылы» Калачи ауылының тұрғындары сайлауда белсенділік танытуда.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне Есіл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Гаховпен хабарласқанында белгілі болды.
Оның айтуынша, Калачи аулындағы № 421 учаскесінде барлығы 298 дауыс беруші тіркелген.
«Калачи ауылының тұрғындары биылғы ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауында ерекше белсенділік танытуда. Осындағы № 421 сайлау учаскесінде барлығы 298 дауыс беруші тіркелген болса, түскен дейін оның 227 өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл осындағы халықтың 76 пайыздан астамы», - дейді С.Гахов.
Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, Красногорск кентіндегі 265 тұрғынның 207 дауыс беріп үлгерген.