Батыс Қазақстан облысында жол жабылды

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Казталовка — Жәнібек — РФ шекарасы» 0-158 шақырым аралығы (Казталовка ауылы — Жәнібек ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 01 ақпан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.

Ал Маңғыстау облысында жол ашылады.

Бүгін, 1 ақпан сағат 11:00-де республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шетпе елді мекені – Жетібай елді мекені) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық екенін жазған болатынбыз.