Синоптиктердің болжауынша, елдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде антициклонның әсері біртіндеп әлсіреп, ауа райы циклонның ықпалымен қалыптаса бастайды.
Атмосфералық фронттардың өтуі нәтижесінде республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлердің кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Жетісу облысында 1-6 градус үсік жүреді. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус аяз болады.
Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді. Түнде термометр бағаны -3-10 °C дейін, күндіз -3 5 °C дейін төмендейді. Күн райы басқа өңірлерде қалыпты жағдайда сақталады.
Айта кетейік, бүгін 7 қалада ауа сапасы төмендейді.