Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –  ҚазАвтоЖол мамандары ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді.

1 наурыз күні сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:.

Ақтөбе облысы:

- РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:
- РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2 наурыз күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Таңертең Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы ашылғанын жазғанбыз.