Қала маңына қатынайтын бірнеше автобустың қозғалысы тоқтады
13:27, 03 Қаңтар 2025
АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems компаниясы күн райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобустың қозғалысы тоқтағанын хабарлады.
— Ауа-райының нашарлауына байланысты № 315, 316, 317, 327, 329 қала маңы бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін мереке күндері Астанада қоғамдық көліктер қалай қатынайтынын жазған болатынбыз.