Ауа райына байланысты жабылған бірнеше жол қайта ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол компаниясы бірнеше жолда көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады. 

Фото: Видеодан алынған кадр

2 қаңтарда сағат 22:45–те келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды: 

Ақтөбе облысы:
- Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы, 14-337 шақырым аралығындағы учаске, (Ақтөбе қ. - Атырау облысы шекарасы)

Атырау облысы:
- Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы, 337-346 шақырым аралығындағы учаске, (Ақтөбе облысы - шекарасы - Сағыз ауылы)

3 қаңтарда сағат 00:00-де Абай облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: 

- Қарағанды - Аягөз - Боғаз, 707-941 шақырым аралығындағы учаске, (Аягөз қ.- Боғаз а.).

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс өңірінің шекаралық аймағында көлік қозғалысы шектелген болатын.