Ауа райына байланысты жабылған бірнеше өңірдегі жол қайта ашылды
АСТАНА. KAZINFORM - Ауа райының тұрақталуына байланысты бірқатар маңызды жол ашылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
«22 қараша сағат 07-00 жағдай бойынша ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық маңызы бар (Екатеринбург қаласы — Алматы қаласы 1292-1353 ш.), „Жібек жолы ауылы (Ақмола облысы)-Қарағанды облысы шекарасы“ учаскесі барлық автокөлік түрлеріне ашық», — делінген хабарламады.
Еске салсақ, кеше ауа райының нашарлауына байланысты тағы үш өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылған еді.
Кеше сағат 17:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 21 қарашада сағат 17:30–да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолдарды 2024 жылғы 22 қараша сағат 08:00–де ашу жоспарланған, — делінген хабарламада.